Жаналықтар

Антикорда ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің презентациясы өтті

2025-02-28 08:46:52


Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігі: теориялық және қолданбалы аспектілер» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің презентациясы өтті. Шараны ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлері қатысты.

Зерттеу активтерді қайтарудың теориялық және практикалық аспектілерін терең талдағаны үшін, сондай-ақ ұсынылған ұсыныстардың практикалық маңыздылығы үшін іс-шараға қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.

Талқылау барысында дәлелдемелердің жеткіліктілігін бағалау тәсілдері, олардың активтерді қайтару туралы қылмыстық істерде қолданылуы, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны және халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/946013?lang=kk

Артқа