Жаналықтар

Академия қаржылық қылмыстарға қарсы күрес бойынша жаңа ғылыми әзірлемелерді ұсынды

11.03.2025

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жұмыстарының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Агенттіктің Тергеу департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Жүргізілген ғылыми зерттеулер қылмыстық жолмен алынған мүлікті жария етуге байланысты қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру, сондай-ақ активтерді қайтару кезінде дәлелдемелердің жеткіліктілігі мәселелеріне а ...

Бас прокуратурада ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстыру туралы

03.03.2025

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Зерттеуді Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы жүргізді. Іс-шараға Бас прокуратураның Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметінің басшылық өкілдері мен қызметкерлері ...

Биоалуантүрлілікті қорғаудың жаңа тәсілдері: Астанада Ғылыми зерттеу нәтижелері ұсынылды

03.03.2025

А.ж. 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Зерттеуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы жүргізді. Іс-шараға Эко ...

Антикорда ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің презентациясы өтті

28.02.2025

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігі: теориялық және қолданбалы аспектілер» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің презентациясы өтті. Шараны ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлы ...

ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеу аяқталды

15.02.2025

2024 жылғы 30 желтоқсанының жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыруға арналған ведомствоаралық ғылыми зерттеуді аяқтады. Зерттеу бизнес мүдделерін қорғауға, сотқа дейінгі іс жүргізу мерзімдерін оңтайландыруға және қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын жетілдіруге ықпал ететін ұсынымдар әзірлеуге бағытталған. Жұмыс шеңберінде Ұлттық банкпен және Құқықтық статистика және арн ...

Активтерді қайтару туралы қылмыстық істерді дәлелдеу мәселелері бойынша зерттеу нәтижелері туралы

15.02.2025

2024 жылғы 26 желтоқсанының жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігі: теориялық және қолданбалы аспектілері» атты ғылыми зерттеуді аяқтады. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттер, халықаралық тәжірибе, заңнама зерттелді, статистикалық деректер, қылмыстық істер мен үкімдер талданды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен сұхбат алынды. Алынған деректерге сәйке ...

Мемлекеттік қызметтің беделі мен тартымдылығын қалай арттыруға болады?

15.02.2025

2024 жылғы 23 желтоқсанының жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы «Мемлекеттік қызметке кіру және болу кезіндегі шектеулер» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеуді аяқтады. Жүргізілген жұмыс кадр саясатының құқықтық мәдениетінің деңгейіне тікелей әсер ететін және мемлекеттік органдар мен мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері үшін алғышарттар жасайтын бірқатар түйінді проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері заңнамалық базаны қайта қарауға бағытталған п ...

Жасанды интеллект және құқық: Академия цифрландыруды ТМД сарапшыларымен талқылады

15.02.2025

2024 жылғы 22 қарашасының жаңалығы Бүгін құқық қорғау органдары академиясы ТМД елдерінің прокуратура органдарында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелерін қолдану мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде өтті және мемлекеттік басқару саласындағы цифрлық трансформацияның өзекті сын-қатерлері мен перспективаларын талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның жетекші сарапшыла ...

Халықаралық әріптестік іс-әрекетте: конференция аясында Қазақстан және Ресей академияларының кездесуі

15.02.2025

2024 жылғы 1 қарашасының жаңалығы Бүгін, Құқық қорғау органдары академиясы Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Мәскеу академиясының делегациясымен кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы өткізген «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің А.Я. Сухарев атындағы Мәскеу академиясының делегациясымен кездесу өтті. Мәскеу академиясыны ...

Құқық қорғау органдарының болашағы: Қазақстанда жаһандық сын-қатерлер мен шешімдер талқыланды

15.02.2025

2024 жылғы 1 қарашасының жаңалығы 2024 жылғы 1 қарашада Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының жетекші сарапшылары, сондай-ақ ұлттық және халықаралық зерттеу ұйымдарының өкілдері болып табылатын әртүрлі елдердің ғалымдары мен мамандары қатысты. Академия ректоры Марат ...

Академияның ғылыми қызметкерлері Президенттік кадрлық резерв үшін оқу сабақтарын өткізді

15.02.2025

2024 жылғы 3 қазанының жаңалығы Бүгін Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Президенттік кадрлық резервке қатысушыларға сабақ өткізді. Институттың ғылыми-зерттеу қызметі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысын сапалы ғылыми қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл әлеуеті туралы шолу ақпарат берілді. Іс-шара барысында жаппай тәртіпсіздіктерді тергеп-тексеру, азаптаулардың алдын алу және жымқырылған ...

ҚР ҚК 216 б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері туралы халықаралық дөңгелек үстел.

15.02.2025

2024 жылғы 24 шілдесінің жаңалығы Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясы «Қаржы мониторингі академиясы «AML ACADEMY» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге ғалымдар, практиктер, Қазақстан мен Өзбекстан прокуратурасының, қаржы мониторингінің және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты. Іс-ша ...

ҚР ҚК 216 б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелері туралы халықаралық дөңгелек үстел.

15.02.2025

2024 жылғы 24 шілдесінің жаңалығы Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясы «Қаржы мониторингі академиясы «AML ACADEMY» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге ғалымдар, практиктер, Қазақстан мен Өзбекстан прокуратурасының, қаржы мониторингінің және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты. Іс-ша ...

Халықаралық дөңгелек үстел: Сарапшылар заңсыз сатып алынған активтерді қайтаруды талқылады

15.02.2025

2024 жылғы 18 маусымның жаңалығы Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында заңсыз сатып алынған активтерді қайтарудың өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ғалымдар, практиктер, прокуратура, қаржылық мониторинг органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және еліміздің басқа да ведомстволарының өкілдері қатысты. Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды бағыт болып табылады. Қазақ ...

Табиғатты қорғау қызметі мәселелері бойынша дөңгелек үстел

15.02.2025

2024 жылғы 28 мамырдың жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы онлайн форматта «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында жүргізіліп жатқан ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде бастамашылық жасаған табиғатты қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми зерттеудің авторлық ұжымы, Армения, Беларусь және Қазақ ...

Құқық қорғау органдарының қызметін бағалау мәселелері бойынша Халықаралық дөңгелек үстел

15.02.2025

2024 жылғы 28 мамырдың жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы құқық қорғау органдарының қызметін бағалау мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдары, практиктері мен оқу орындарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар құқық қорғау жүйесінің барлық құрылымдарын кешенді бағалау бұрын жүргізілмегенін атап өтті. Пікірталас шеңберінде құқық қорғау органдарының қызметін ...

Мемлекеттік қызметтегі шектеу мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел

15.02.2025

2024 жылғы 22 мамырдың жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы мемлекеттік қызметтегі шектеу мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ғалымдар, практиктер, отандық және шетелдік мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Академияның зерттеу ұжымының мүшелері баяндама жасай отырып, мемлекеттік қызметтегі бірқатар шектеулер мен тыйымдардың белгісіздігі құқықтық мәдениет деңгейіне және мемлекеттік аппарат кадрларының жоға ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Халықаралық дөңгелек үстел

15.02.2025

2024 жылғы 21 мамырының жаңалығы Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті, оған ғалымдар, практиктер, прокуратура, қаржы мониторингі органдарының және еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген басқа да ведомстволардың өкілдері жиналды. 2017 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Академияның жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хаб ретіндегі бес бағытының бірі ...

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

15.02.2025

2024 жылғы 20 мамырдың жаңалығы Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар табиғатты қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар мен тренингтер өткізуге келісті. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялар мен келісімдердің ережелерін жүзеге асыруда бірлескен эко ...

Ғылым қызметкерлері күніне орай Академияда Қазақстандағы тұңғыш Ғылыми даму мектебі құрылды

15.02.2025

2024 жылғы 12 сәуірінің жаңалығы Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орай Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасындағы алғашқы Ғылыми даму мектебінің ашылғанын хабарлайды. Жаңашыл ғылыми-білім беру алаңы жаңадан бастағандарды да, бұрыннан қалыптасқан зерттеушілерді де ғылыми жетістіктерге ұмтылуда қолдау көрсету үшін құрылған. Мектеп Академия қызметкерлерінің және барлық мүдделі тұлғалардың ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуды, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасы ...

Академия азаптауға қарсы тұрудың жаңа тәсілдерін ұсынды

15.02.2025

2024 жылғы 2 сәірінің жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы полиция қызметкерлеріне «Азаптауға қарсы іс-қимыл: осы санаттағы қылмыстардың алдын алудың ұйымдастырушылық және кадрлық аспектілері» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Кездесу Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтті. Академия ректоры Марат Сексембаев бүгінгі таңда елде агрессия көріністеріне бейім құқы ...

Академияның ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстыру

15.02.2025

2024 жылғы 1 наурыздың жаңалығы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдеу» ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасарлары Ә.Қ. Шындалиев және Ғ.А. Садырбеков, Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Н.М. Сүйіндіков, Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Зерттеу Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ...

Академия жаппай тәртіпсіздіктер туралы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды

15.02.2025

2024 жылғы 16 ақпанының жаңалығы Бас прокуратурада Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің тапсырысы бойынша Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары А.К. Чиндалиев, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің өкілдері қатысты. Зерттеу, жаппай тәртіпсіздіктердің деңгейі мен тергеу ер ...

«Үздік баспа басылымы» Халықаралық байқауда 1-дәрежелі диплом

15.02.2025

2024 жылғы 5 ақпанының жаңалығы «Үздік баспа басылымы» Халықаралық конкурсында Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердегі прокуратураның мәртебесі» монографиясы «Үздік монография» номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы. Монографияда ТМД елдеріндегі прокуратура қызм ...

«ҚР ҚК-нің 216-БАБЫ БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ». ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ

15.02.2025

2024 жылғы 5 ақпанының жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізуде. Іс жүзінде жұмыстарды орындамай-ақ шот-фактураларды беру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жетілдіру зерттеудің мақсаты болып табылады. Ғылыми з ...

«Ғылыми кітап» халықаралық байқауының лауреаты

15.02.2025

2024 жылғы 26 қантардың жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының «Проблемы реализации отдельных общеправовых принципов уголовного процесса» монографиясы «Научная книга» халықаралық конкурсында «Заң ғылымдары: қылмыстық-процестіқ құқығы және криминалистика» номинациясы бойынша лауреат атағына ие болды. Біздің ғалымдардың «Ғылыми кітап» байқауына қатысуы дәстүрге айналды. Ұйымдастырушы – Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің Басқару ак ...

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУІ

15.02.2025

2024 жылғы 26 қантардың жаналығы Құқық қорғау органдары академиясы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеуді бастады. Оның мақсаты – құқық қолдану тәжірибесінің проблемалық мәселелерін іздеу және шешу, нормативтік құқықтық актілердегі олқылықтар мен қайшылықтарды анықтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа құралдарын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Зерттеу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарс ...

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ШЕКТЕУЛЕРІ. МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ

15.02.2025

2024 жылғы 26 қантардың жаңалығы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның тапсырысы бойынша «Мемлекеттік қызметтің шектеулері. Мәселелер мен перспективалар» тақырыбы бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізуде. Оның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйымдардың тиімділігіне және олардың құқықтық салдарына байланысты проблемалық мәселелерді анықтау болып табылады. Ғылыми зерттеу шеңберінде азаматтардың к ...

Сіздерді кәсіби мереке – Ғылым қызметкері күнімен құттықтаймыз!

12.04.2023

Сізге Отанымыздың игілігі үшін ғылыми қызметте шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Бүгінгі ғылымды дамыту – еліміздің ертеңгі табысының кепілі». Мереке күні кездейсоқ таңдалмаған. Бұл күні Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адам – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық криминологиялық форум

25.05.2022

2021 жылғы 25-26 қарашада құқық қорғау органдары Академиясының онлайн платформасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық криминологиялық форум өтті. Форумға 150-ден астам қонақ, оның ішінде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинаның отандық және шетелдік заң жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, практиканың өкілдері қатысты. Іс-шараның бірінші ...

Криминологиялық форум ("Сеитов оқулары") 26 қараша 2021

25.05.2022

Құқық қорғау органдары академиясында онлайн режимінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР прокуроры Өтеген Сейітовты еске алуға арналған халықаралық криминологиялық форум өтті. Форум жұмысына 150-ден астам қонақ, оның ішінде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинаның отандық және шетелдік заң жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, практиканың өкілдері қатысты. ...